Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Toyota Land Cruiser мен IPhone: Instagram-дағы тікелей эфирде қымбат бұйымдар ойнатқан қазақстандық әйел сотталды

Шымкенттік азамат "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырған. Қаржы мониторингі агенттігі құқық бұзушының лицензиясыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде "ЛОТО" ойнатқанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  Фото: Видеодан скрин

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, лотерея ұтысы ретінде "Toyota Land Cruiser Prado" маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылған.

“Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды. Сонымен қатар ол билеттерді сату үшін жарнама жасаған (1 данасын 5000 теңгеге, 3 дана 10000 теңге, 6 дана 20000 теңге, 12 дана 40000 теңге, 30 дана 100000 теңге). 2023 жылы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 миллион теңгеден асты”, – делінген хабарламада.

Айыпталушы сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі бойынша заттай айғақтар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Талқылау