Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тергеушілер күмәнданып қалды: Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісі бойынша жаңа сараптама жүрзіледі

Тергеушілер Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен қазақстандық қыздың ісіне қатысты бас куәгердің берген жауабына күмәнданып қалды. Бұл туралы Томирис Байсафаның анасы айтты. Қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын Томиристі көрген жігіт ақпан айында куәлік етуі керек болған, бірақ студент айғақты бір күн бұрын ғана  берген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеушілер күмәнданып қалды: Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның ісі бойынша жаңа сараптама жүрзіледі

«Бізге хабарлағандай, бұл мәселе шешілетін болады. Куәгердің сөйлеген сөзі, берген айғағы біртүрлі. Өйткені, бұл бірінші жауап алу болып тұр және ондағы шикілікті шешетін болады. Алла қаласа бәрін шешеді. Себебі, бұны анықтау керек. Қазір сараптама жүргізілуде, яғни қайтадан жасалды. Өйткені, екі сараптаманың нәтижесімен келіспедік. Әрі қарай толық тексеруге жіберілді. Енді нәтижесін күтудеміз», - дейді Томрис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Томиристің жақындарының өтініші бойынша мамандар негізгі куәгер Мұртұзәлі Меджидовпен марқұмның сөйлескен хаттарын тағы зерттеп шығатын болды. Сондай-ақ, қайғылы оқиға орнында қайта сараптама жүргізіледі. Яғни, олар сол қаралы күннің кескінін мұқият қайта жасауға тырысады. Айта кетсек, бұл істі қолына алған тергеуші осымен үшінші рет ауысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен жылдың сәуір айында орын алған болатын. 21 жасар Томирис Байсафа үзіліс кезінде төртінші қабаттағы аудиторияның терезесінен құлап кеткен еді. Дәрігерлер қызға бірнеше ота  жасады, бірақ үш аптадан кейін қазақстандық қыз ауруханада қайтыс болды. Ал осы жағдайдан кейін Ресейдің тергеу комитеті «Өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу жүргізді. Тергеу барысын қазақстандық дипломаттар да бақылауда.


Тағы оқыңыз: "Қатты сағынамын": Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның анасының жазбасы жұртты жылатты

Талқылау