Теңізде жоғалған фотоаппарат 250 километр жүзіп, тұтас күйінде табылған (фото)
Осыдан екі жыл бұрын теңізде жоғалып кеткен фотоаппарат таяуда табылып, иесіне қайтарылмақшы. 250 километр қашықтықты артта қалдырған фотокамера оқиғасы көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Бұл туралы BBC басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Фотоаппарат су ағысымен Тайвань жағалауынан бір-ақ шыққан. Табылған сәтте оның сыртында теңіз балдырлары болған көрінеді. Алайда техниканың сыртында қабы болғандықтан, одан су өтпеген.
Фотоаппаратты оқушылар мен олардың ұстазы тауып алған-ды. Олар «табыс» жайлы желіде жазба қалдырып, ақырында иесін небәрі бір күнде тапқан.
«Сене алмадым. Танысым осы жайлы айтып, фейсбуктегі пост пен суретті көргенде қатты таңғалдым», – дейді иесі.
Жапон университетінің студенті Тайваннан 250 километр қашықтықта орналасқан Исигаки аралында фотоаппаратын жоғалтып алған.
«Таныстарымның бірінде оттегі таусылып қалған соң, оған көмектеспек болып фотоаппаратымды жоғалтып алдым», – дейді әйел.
Цубакихара жоғалтқан затын табамын деп үміттенбеген. Алайда фотоаппарат өздігінен «саяхатқа» шығып, ақырында табылып отыр. Фотоаппараттағы соңғы суреттер 2015 жылы түсірілген екен.
Екі жыл ішінде фотоаппаратқа мүлдем су тимеген.
«Тағы бір қызығы, оны тапқан 11 жасар бала қосу пернесін басқан кезде фотоаппарат істеп кеткен. Оның қуаты да таусылмапты», – дейді таңғалған әйел.
Тағы оқыңыз:
Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған
2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал
Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)
Ер адам ұшақта жанына адам сыймағаны үшін ұялып 140 келіге арықтады