2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Жұлдызнама көктемнің екінші айы көптеген қиындықтар тудырады дейді. Бірақ олармен бірге қуанышқа толы жаңа мүмкіндіктер мен қуаныштар да келеді. Наурыздан бері жасарып, гүлденген жұлдыз белгілерін қызыққа толы сыйлықтар күтіп тұр. Алаңдамаңыздар, 2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал ешкімді назарынан тыс қалдырмайды

Көктем күткендегідей, көпшілікке жаңа күш пен жаңа үміт сыйлады. Сәуір айындағы жұлдыз жорамал бос уақытты табысты пайдалануға мүмкіндік береді. Осы айдың бірінші бөлігі ең белсенді болмақ. Планетарлық әсер көп энергия беріп, бізді серпінді әрі батылырақ болуға күш береді. Алайда, бұл айда мұқият болыңыз, өйткені планетаның аспектілері шиеленіс болып табылады. Бәрінің жағдайы біркелкі жақсы бола бермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тоқтылар алға қойған мақсатына жету үшін әр қадамын ойлап, саралап әрекет еткені жөн. Мақсатқа жету жолында асықпай жүрсеңіз, онда табысқа жету мүмкіндігіңіз жоғары болады. Ал шұғыл жүргізілген жұмыстар, керісінше тиімсіз болып шығады.

Жұлдыздар торпақтарға осы кезеңде кез-келген жағдайда ыңғайлы сәтті күтіп отыруға кеңес береді.

Қазір егіздерге жаңа және кең ауқымды жобаларды бастаудың қажеті жоқ. Өйткені планетаның әсерімен елеулі қателіктерге ұрынуыңыз мүмкін. Қателікке ұрынған жағдайда айтарлықтай шығынға ұшырайсыз.

Бұл кезең мансап сатысында шаяндарға жетістік әкеледі. Ақырында, сіздің бұған дейінгі барлық кәсіби жетістіктеріңіз есепке алынатын болады.

Сәуір айы арыстандарға көп жұмыс істеуді талап етеді. Бірақ содан кейін сіз бұл тамаша кезең екенін түсінесіз. Көптеген адамдарға таң қалуыңыз мүмкін. Дегенмен кез-келген күтпеген жағдайдан басыңызды жоғары көтеріп шыға аласыз.

Бикештердің сәуір айында жанына серіктестері мен пікірлестерін жинағаны дұрыс болмақ. Бұл сізде бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін жеткілікті күш жоқ деген мәселе емес. Бар болғаны жалғыз жұмыс істегіңіз келмегендіктен, жаныңызға серіктестеріңізді шақырғаныңыз жөн.

Жұлдыз жорамал бұл айда барлық таразы белгілерінің өкілдерін қолдайды. Таразылар қолымнан келмейді деген істің өзінде жетістікке жете алады.

Сарышаяндар тұрақтылық пен сенімділіктен айырылып бара жатқандай сезімде болуы мүмкін. Оның негізсіз болмайтынын сезінуіңізге болады.

Мергендер бұған дейін армандамаған дәрежеге көтерілуі мүмкін. Егер жауапкершіліктен қорқу осындай сыйлықты қабылдауға кедергі келтірсе де, күмәніңізді жеңіп шығыңыз.  Өзіңізді осы дәрежеге лайық адам екенінізге сендіріңіз.

Бұған дейін қателік жіберген тауешкілерге екінші мүмкіндік беріліп тұр. Бұл мүмкіндікті пайдалануда ешкім кепілдік бермейді. Бірақ ол барлық әрекеттерді тоқтату керек дегенді білдірмейді. Сондықтан екінші мүмкіндікті қорықпай пайдаланған жөн.

Суқұйғыштар соңғы уақытта сәтсіздікке ұшыраған болса, сәуір сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды қайта қарап, оларды өзгерту үшін қолайлы ай.

Балықтарды үлкен жұмыс күтіп тұр. Бірақ осы кезеңде кез-келген жағдайда шатасып, тез шешім қабылдап қоймаңыз. Сондай-ақ, балықтар қазірдің өзінде әртүрлі қауесет сөздерге уақыт жұмсамауы керек.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр