Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіз тағамдарын тірідей жұтқан қытайлықтар әлем халықтарын шошытты (видео)

Желіде бір топ азаматтардың балықтарды тірідей жеп отырған видеосы пайда болды. Адамшошырлық кадрлардан жарты еті кесілсе де, өмір үшін арпалысып жатқан балықтарды көруге болады.

Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, ғаламторда тарап кеткен бейнежазба Қытайда түсірілген.

Құрт-құмырсқа мен жәндіктерді азық ететін қытайлар тағы да таңғалдырды. Олар балық пен теңізде тіршілік ететін жануарларды тірі күйде азық ете бастады.

Мәселен, мына кадрлардан еті екіге бөлінсе де, өмірмен арпалысып жатқан балықтарды көруге болады. Аузы ашылып қалған жануар тынысының тарылып бара жатқанын аңғартады.

Ал келесі үстелден жыланбалықтарды көресіз. Еркіндікке ұмтылған су жануарлары үстелден еденге қарай ирелеңдеп талпынған. Мейрамханаға келушілердің бірі сорпа ішінен сегізаяқты шығарып алып, аузына салады. Ал ғалымдардың айтуынша, ондай кезде су жануары ауырлықты сезеді.

Келесі кадрдан адамның тірі балықтың етін бөліп, таяқша арқылы жеген сәтін көресіз. Мұндайда балық демін ала алмай, аузын ашады.

Жалпы қытайлықтар – теңіз жәндіктерін тірідей жейтін жалғыз халық емес. Мәселен, Ұлыбритания, сондай-ақ, Америка мен Еуропаның көптеген елдері устрица мен теңіз шаянын тірідей азық етеді екен.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та Даун дертімен туған қыз сұлулық байқауында жеңіске жетті

Британиялық азамат 7 миллион долларды қоқысқа тастай салды

Шешенстанда қыз алып қашуға тыйым салынды

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

Талқылау