Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британиялық азамат 7 миллион долларды қоқысқа тастай салды

Ұлыбританиялық Джеймс Хоуэллс жеке компьютері бұзылып қалғаннан кейін оның қалыпқа келмейтін бөліктерін қоқысқа тастаған. Оның ішінде 7500 биткоины бар компьютерлік жады да кетіп қалған-ды.

Бұл туралы “Сегодня” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

2009 жылдары Хоуэллс криптовалюта жинаумен айналысып, ақырында 7500 биткоин жинап алған. Алайда Хоуэллс сүйіктісінің өтінішімен бұл істі тоқтатуға мәжбүр болды. Бойжеткен жаңа биткоиндерді құруға арналған бағдарламаларды іске қосқанда компьютерден шығатын дыбыстарға шағымданған.

2010 жылы азамат ноутбукқа абайсызда сусын төгіп алып, оның кей бөліктерін қоқысқа тастаған-ды. Оның арасында биткоин туралы ақпаратты сақтап тұрған компьютерлік жады да бар болатын.

“Оны іздемеген жерім жоқ. Компьютерде өшіп кеткен дүниелерді қайта қалыпқа келтіруге тырыстым, бірақ болмады”, – дейді Хоуэллс.

Полицияның мәліметінше, компьютер бөліктері Ньюпорттағы қоқыс полигонына тасталған. Аталған полигонның аумағы футбол алаңымен бірдей деседі. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол жерден криптовалютаны іздеу үшін кемі 15 адамды іске жұмылдыру қажет.

Айта кетейік, жақында ғана әлемде Bitcoin Diamond атты жаңа криптовалюта пайда болды.

Жіберіп алмаңыз:

Меккеде қажылығын өтеушілерге селфи жасауға тыйым салынды

Ата-анасы рұқсатсыз некелескен қыз бен жігітті бауыздап өлтірді

Ғалымдар: Болашақта адамдар порно фильмдерді көп көріп, роботтармен жақындасатын болады

Таиландта піл иесін өлтіріп, “қылмысын” жасыруға тырысқан

Талқылау