Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінде 49 жастағы әйел адам мен 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оқиға 7 қазан күні болған. Қарағанды облысының Полиция департаментінің мәліметінше, “Адам өлтіру” фактісі бойынша іс қозғалды.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Депаратемнт қазіргі оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын жазды.
Еске сала кетейік, белсенді Санжар Боқаевқа, оның жиені Мадияр Қалменовке және видеограф Ұлан Нүсіпқожаға қатысты жаңа тергеу басталды.
Тұтқындарды босату бойынша ел тарихындағы алғашқы операция: Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер бүтін автобусты қалай басып алды
Операция болған кезде Қазақстан тәуелсіздік алғанына бірнеше ай ғана болған
"Алты жыл күттік": Қазақстандық оқушылар Илон Масктың зымыранымен ұшырылған жерсерікті қалай жасап шығарды
Жерсерікті жасаудың қызығы мен қиындығын жоба жетекшісінен сұрадық
