Телефонынан құлаққаппен музыка тыңдап отырған қыз кенеттен көз жұмды
Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қуаттағышқа қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесін ата-анасы оқулығының жанынан тапқан. Олар қызының денесін оны кешкі асқа шақыру үшін бөлмесіне кірген кезде көрген. Жасөспірім күйіп қалған телефонын қолына қысып жатқан, мойны мен қолында күйік орындары болған.
Марқұмның 39 жастағы әкесі қызына жүрек-өкпе реанимациясын жасауға тырысып, дәрігерлерді шақырды. Алайда, Пхадасриге көмектесу мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның қаза болғанын анықтады.
Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде болған, ал электр тогынан соққы алған сәтте құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдаған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды