Телефонын ұрлап, өзін ұрып өлтірген: Полиция "Алтын ордадағы" жанжалға қатысты күдіктіні ұстады
Полиция "Алтын ордадағы" жанжалға қатысты күдіктіні ұстады. Ұсталған азамат 28 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күдікті Қарасай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы "Денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің өліміне алып келген қайғылы оқиға базарда болған еді. Күдікті 24 жастағы жігіттің телефонын ұрлап кеткен. Ол телефонын қайтаруды өтінген тұста бетінен ауыр екі соққы алған. Екі аптадан кейін жігіт комаға түсіп, есін жимастан қайтыс болады. Жігіттің артында жүкті әйелі қалды.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады