Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт телефонын сатамын деп мерт болды: "Алтын Орда" базарындағы ұрлық қайғылы оқиғамен аяқталды (видео)

Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарында ер адам телефонын қайтармақ болған жігітті ұрып тастаған. Алайда алған соққылардан кейін жігіт ауруханаға түсіп, 8 шілдеде жан тапсырған. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұры

Zhest_kz Telegram-арнасындағы жазбаға сәйкес, оқиға 14 маусымда болған. Жазбада бас киім киген ер адам жігіттің телефонын ұрлап алғаны жазылған. 

"Жігіт ұрлаған ер адамды ұстап, телефонын қайтаруды сұраған. Алайда Ол қайтарып берудің орнына бірнеше рет ұрып, кейін пышақтап тастайтынын айтып қорқытқан", – делінген жазбада. 

Көп ұзамай жігіт үйіне келіп, есінен танып қалған. Бірнеше күн өткен соң8 шілдеде жан тапсырған. 

"Жігіттің есімі – Қайнар. Жасы 24-те. Артында жүкті әйелі қалды. Сыныптасының айтуынша, ол "Көк базарға" барып телефонын сатпақ болған. Алайда ол жақта ер адам мен әйел "Алтын Ордада" телефон алатын таныстары бар екенін айтқан. Келген соң бас киімдегі ер адам телефонды көруге алып, қайтармай қойған. Алған соққылары салдарынан жағы сынған", – делінген желідегі ақпаратта. 

Бұл оқиғаға қатысты Stan.kz сауалына жауап берген Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері оқиғаның "Алтын Орда" базарында болғанын растады. Бастапқыда Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Ұрлық" бойынша іс қозғалған. 

"Зардап шеккен Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны ауруханада ем қабылдаған. Алайда бүгін, 8 шілдеде таңертең ол жан тапсырды. Осыған байланысты тергеу шаралары ұйымдастырылып, нәтижесінде қылмыстық істі өзгерту мәселесі қаралады. Қазір күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Жеке тұлғасы анықталды", – делінген хабарламада. 

Талқылау