Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тегін ештеңе болмайды": Ақтөбе облысына келген ресейліктерді уақытша жазғы лагерьлерге орналастырады

Ақтөбе облысында бір уақытта "Береке", "Шұғыла" және "Кәмпит" атты үш лагерь құрылып, олар 500 адамның келуін қамтамасыз ете алады және бір орын үшін олардан 15 мың теңгеге дейін ақы алынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

ресейліктер

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналистермен кездесуде Ақтөбеге келген ресейліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биліктің қандай шаралар жасап жатқанын айтты.

29 қыркүйектегі мәлімет бойынша облысқа соңғы бір аптада 7 мың ресейлік келсе, тағы 2 мыңы кезекте тұр.



"Пәтерлерге қатысты болып жатқан жағдайларды білемін, бір күнге жалдау ақысы 40-50 мың теңгеге дейін өсіп кетті. Бірақ біздің оған араласуға құқымыз жоқ, өйткені мораторий жарияланған. Біз қоғамдық қауіпсіздікті және осы адамдардың бізбен бірге болуын қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде Ресейдің бір жарым мың азаматы ЖСН алды, яғни олар бізбен бірге қалғысы келеді. Қалғандары қайтады. Жалдау бағасының өсуін қалай болса да ұстап тұру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мен бұл отбасыларды ішінде жылуы бар жазғы лагерьлерге орналастыру туралы шешім қабылдадым. Біз осы лагерьлердің басшылығымен сөйлестік, олар біздің жағдайымызды түсінді. Ол жерде барлық қауіпсіздік сақталады. Бір орынның бір күндік ақысы 10-15 мың теңге тұрады, тегін ештеңе болмайды. Бұл үш лагерьде шамамен 500 адам орналаса алады, адамдарды аз уақытқа орналастырамыз", – деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, 21 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путин елде жартылай мобилизация жариялағаннан кейін, Қазақстанға келуге ниет білдірген Ресей азаматтарының легі күрт артқан.

Талқылау