МИБ пен ПИК қоқыстан ақша таба алады: Қазақстанда жаңа төлемдер бекітілді
Қазақстандық Мүлік иелерінің бірлестігі, Пәтер иелерінің кооперативі және басқарушы компаниялар енді қалдықтарды бөлек жинап, қайта өңдеуге бергені үшін ақшалай төлем ала алады. Тиісті бұйрыққа Экология және табиғи ресурстар министрлігі қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік төлемдерге үміткер болу үшін үйлерді басқару органдары бірқатар міндетті шарттарды орындауы қажет.

Мүлік иелерінің бірлестігі және Пәтер иелерінің кооперативіне нені талап етіледі:
- Қазақстанда ресми түрде жұмыс істейтін заңды тұлға немесе ЖК болып тіркелуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы рұқсаттардың мемлекеттік тізілімінде тұруға.
- Банкроттық, таратылу немесе қызметін тоқтата тұру сатысында болмау.
- Аулаға қоқысты бөлек жинауға арналған кемінде 2 контейнер орнату немесе оны уақытша жинауға арналған арнайы алаңды жабдықтау.
- Көппәтерлі үй тұрғындарының дауыс беру хаттамасымен бекітілген ресми келісімін алу.
- Төлем алушы мәртебесін алуға өтінімді арнайы ақпараттық жүйе арқылы онлайн беруге болады. Құжаттар тексерілгеннен кейін ұйыммен үлгілік шарт жасалады.
Маңызды нюанс: төлемдер нақты қайта өңдеуге жіберілген қалдықтар үшін ғана есептеледі. Орталықтандырылған жүйе аясында стандартты ҚТҚ полигондарына шығарылатын кәдімгі қоқыстарға жаңа бағдарлама қолданылмайды.
"Балаларының көзінше ұрып, атынан 2 миллион теңге кредит алған": Шымкенттік ер адам әйелін соққыға жықты деп айыпталды
Әпкесінің сөзінше, осы күнге дейін шеккен азабын сіңілісі жасырып келген
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді