Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алғысымызды осылай айтуды жөн көрдік": Оралда ресейліктер өзен жағалауын қоқыстардан тазартты

29 қыркүйекте Орал қаласында сенбілік ұйымдастырылды. Оның ерекшелігі акцияны ресейлік Алексей Сибирский өткізіп, осылайша Жайық халқына мейірімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс айтуды жөн көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

Сенбілік "Землячка" базарының жанындағы шағын өзен жағасында өтті. Оған 30-ға жуық адам қатысқан. 

“Бұл мен үшін жай ғана жұмыс. Планетаны ешбір елге бөлмеймін. Мен Тайландта да біраз уақыт тұрдым. Онда да адам тұрмайтын аралдарды тазалап, қайықтар мен көмек күшін өз ақшама жалдадым. Ресейде де қайырымдылық жасап, белсенділік таныттым. Толығымен қоқыс басқан өзендерді тазалап, ағаштар отырғыздық. Соңғы оқиғаларға байланысты мен қазір Қазақстандамын. Жоспарым осында қалып, Қазақстан халқына табиғатты жақсартуға көмектесу. Қазақстанға көшу себебім, түсініксіз мақсаттар үшін күресуге барғым келмейді. Мен әлем тыныштығын жақтаймын. Біз келіссөз жүргізе алуымыз керек. Егер бұл нәтиже бермесе, жауапты адамның өзі барып, бұл мәселені шешсін”,- деді 27 жастағы Алексей Сибирский.

Алексей өзінің бұл бастамасына қатысушылардың көп болатынын күтпеген. Ол болашақта Қазақстан бойынша кішігірім тур жасап, экологиялық мәселелерді анықтауды жоспарлауда.

“Мұнда тек ресейліктер ғана емес, жергілікті тұрғындар да менсіз-ақ табиғатты тазарту жұмыстарын жүргізетіні көрініп тұр. Менде әлемнің түрлі қалаларынадағы еріктілерге арналған чаттар бар. Қазақстанмен де байланыс орнаттым. Орал қаласына 21 қыркүйек келдім. Картадан жақын өзенді тауып алып жағасындағы қоқыстарды жинадық. Адамдар сөзді емес, іспен дәлелдегенді ұнатады ғой. Мен осылайша қазақстандықтарға өз алғысымды айтқым келеді. Әрбір адам оның ақшасы болсын, болмасын келген жеріне кішігірім үлесін тигізе алады”,- деді Алексей.



Қазаннан келген 33 жастағы Дарья Алексей Сибирскийдің парақшасына бұрыннан жазылған. Ол Қазақстанға келіп, қазақ тілінде бірнеше сөздерді жаттап алғанын да айта кетті.

“Мен екі жылдан бері Алексейдің оқырманымын. Әрқашан оның экоакциясына қатысқым келетін. Міне, жолымыз бір қалаға түсіп сол қалауым орындалды. Сонымен қатар қазақстандықтарға алғысымды айтқым келеді. Мен күйеуіммен баламмен бірге осы Орал қаласына көшіп келдім. Себепті өздеріңіз де білесіздер. Осында болып жағдайды бақыламақпыз. Тұратын баспана жалдадық”,- деді Дарья.

Жиналғандардың арасында 24 жастағы ивановолық Леонид Брянцев те болды. Ол соғысқысы келмей, туған жерінен кетуге мәжбүр болғандардың бірі. Леонид мамандығы бойынша инженер, Қазақстанда жұмыс табамын деп үміттенеді.

“Қиын уақытта жақсылық жасау өте маңызды. Қазақтар бізге көмектесуге дайын екендіктерін көрсетті. Сондықтан мен рахметімді деп осылай айтуды жөн көрдім. Әлі де жақсылыққа үміттенемін. Мен мұнда мүмкіндігінше ұзақ тұру үшін құжаттарымд рәсімдемекпін. Қазақстанның қалаларын аралап көргім келеді”,- деді Леонид.

Самаралық Денис Абизяев екі күн бұрын ағасымен Оралға келіп, үй жалдап тұрған. Жас жігіт қаламыз туралы жылы лебізін айтты. Мұнда олардың туыстары да, достары да жоқ екен. Денис білімі бойынша заңгер екенін айтты.

“Мені және біздің немқұрайлы басшымыз бастаған осы сұрапыл соғыстан қашқан отандастарымды қабылдағаны үшін Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Бұл сұмдық тез бітеді деп сенемін. Бірақ әзірге Оралға тіркеліп, қалада 90 күнге дейін тұруға рұқсат алғымыз келеді. Ресейде ата-анам мен үйім бар. Мен өзіммен бірге бір-екі зат пен бірнеше кітапты ғана алдым“,- деді жігіт.

Сенбілікке Орал қаласының тұрғындары да шықты. 21 жастағы Людмила Каренских әлеуметтік желіден табиғатты қорғау акциясының жоспарланғанын біліп, ойланбастан келуге шешім қабылдаған.

“Бүгін демалыс күнім болған соң оны жақсы адамдардың ортасында пайдалы өткізуді жөн көрдім, - деп бөлісті бойжеткен.

Талқылау