Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тегін білуі керек": Байзақова ұлын ата-әжесімен таныстырды

Атышулы Байзақова ұлын әкесінің туыстарымен таныстырды. Блогер ұл бала үшін мұның маңызды екенін және қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аланның өмірінде орын алған басты жаңалықты білмейсіздер ғой. Біз барлығымыз өте қуаныштымыз, себебі Алан өзінің атасы мен апасымен танысты. Жақында олар алғаш рет кездесті. Аланның қалай қуанғанын көрсеңіздер ғой", – деп бөлісті Айжан. 

Сөзіне қарағанда, кішкентай Алан адам жатырқамайды. Әсіресе туғандарын көргенде ол ерекше күйге бөленген.

"Біздің Алан – ерекше бала. Адамдардан қорықпайды. Ата-апасын көре салып, қолдарына барды. "Атака, апака" деп олардан айырылмай қойды. Өзім де қуаныштымын. Себебі Алан – жігіт. Ол өзінің тегін білуі керек.
Бұрынғы жігітіммен қайта қосылмайтынымыз анық. Бірақ ештеңеге қарамастан, ол туыстарын білуі керек", – дейді Байзақова. 



Айта кетейік, Айжан Байзақова сүйіктісімен үш жылдай қарым-қатынаста болғанын, ал жақында басының босағанын жария еткен еді. Атышулы блогер 2018 жылы ұл баланы дүниеге әкелген болатын.

Талқылау