Тәжікстанда селден 17 адам қаза тапты
Тәжікстанда сел салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ел үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті. Оған толассыз жауған нөсер себеп болған. Табиғат апатынан елдің 9 қаласы мен ауданы зардап шекті.
Зардап шеккендердің көпшілігі Вахдат облысында. Онда сел ондаған үйлерді, шақырым жолдарды және электр желілерін қиратқан. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде тағы 4 адамның мәйіті табылды. Сел салдарынан 100 бас мал да қырылған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”