AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таяқпен ұрып, қорлады": Талдықорғанда куәгерлер тәртіпсіздіктер кезіндегі бұзақылардың шабуылы жайлы айтып берді

Куәгерлер Талдықорғанда болған тәртіпсіздіктер кезіндегі бұзақылардың шабуылы туралы айтып берді. Ішкі істер министрлігі оқиғаның толық хронологиясы көрсетілген видео жариялаған. Олардың мәліметіне сүйенсек, 4 қаңтарда полиция ғимараты алдында митинг басталған. Жиналғандар үкіметтің отставкаға кетуін талап еткенімен, тілдесу мүмкін болмаған. Ал қараңғы түскенде алкогольді ішімдік ішкен азаматтар республикалық "Алматы-Өскемен" тас жолын жаппақ болған. Сол түні құқық қорғау органы өкілдері 80-ге жуық адамды тұтқындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

талдықорған

"Полицейді сүйрей бастады. Соққыға жығып, асфальт бетінде сүйреді. Біреуі таяқпен ұрса, екіншісі теуіп жатты. Неліктен мұншалықты қорлады? Форма киіп, бекетте тұрғаны үшін бе? Бұдан кейін ол аман қала ма? ", – дейді Беріктас ауылының тұрғыны Светлана Мынбаева. 

5 қаңтарда бір топ адам облыстық әкімдік ғимаратына басып кіріп, екінші қабатты өртеп жіберген. Ашулы адамдарды суатқыш пен түтіндету гранатасы да тоқтата алмаған. Мұнымен қоса полицейлер мен ұлттық ұлан сарбаздарына қарай тас лақтырылған. Осындай тастардың бірі 18 жастағы сарбаз Айбат Амановқа тиген. Екі ай бұрын ғана әскерге шақыртылған ол сол жерде мерт болған.

"Біз бірге әскерге шақыртылдық. Пойызда бір-бірімізге аман-есен үйге қайтамыз деп уәде берген едік. Өзге сарбаздар сапта тұрғанда бір қадам да шегінбегенін айтты. Барлығын жігерлендірген. Жаралыларды әкеліп жатқанда Аманов Айбат қайда деп сұраған едім, көз жұмғанын естідім", – дейді Ұлттық гвардия 5514 әскери  бөлімінің сарбазы Ілияс Өміржан.

Бұдан кейін тәртіпсіздікке қатысушылар Н. Назарбаевтың ескерткішін қиратып, полиция ғимаратын басып алған. Осы кезде ұрланған қару мен оқ-дәрілерді пайдалана бастапты. Ал қорғаныш ретінде әйелдер мен кәмелетке толмағандарды қолданған. Бұзақылар ҰҚК департаменті мен Nur Otan партиясының кеңсесіне, дүкендер мен сауда үйлеріне шабуыл жасаған. Сонымен қатар облыстық телеарна арқылы тікелей эфирге шықпақ болған, бірақ бұл ойлары іске аспаған соң жергілікті әуежай мен телеарна ғимаратына өрт қойған. 

8 қаңтарда әскерилер қаланы толығымен өз бақылауларына алған. Қазір облыс орталығында ұрланған қару-жарақ пен тәртіпсіздікке қатысушылар іздестірілуде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр