Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім: "Бурак Озчивит мені киноға ұялғаннан шақырды"

Жуырда танымал түрік актері Бурак Озчивит Алматыға келді. Республика сарайында өткен шараны Тәуекел Мүсілім тізгіндеген болатын. Аталмыш кеш барысында Бурак отандық актерді түрік киносына түсуге шақырды.

©instagram.com/mussilim

Алайда, бұл жай тілге тиек етілген ұсыныс екенін Тәуекел тілшімізге берген экслюзив сұхбатында ашық айтты. "Бұл жай ғана сахнадағы ұсыныс болды. Көрерменнің алдында әдемі сұхбат барысындағы абырой үшін айтылған әңгіме ғой. Әлі бір анық нақты ұсыныс деп айта алмаймын. Алайда, болашақта өзіміз түрік еліне барып, бағымызды сынаймыз", – деп ағынан жарылған Тәуекелдің кинотаңдауда өз принциптері де бар екен.

"Әрине, киноларға шақырту алған кезде өзімнің қоятын талаптарым бар. Бірақ, түрік еліне баратын болсам ешқандай талап қоймаймын. Бастысы, сәтті әрі танымалдылығымды арттыратын жоба болуы қажет. Менің өнердегі басты принциптерім: әуелі танымалдылық пен абыройға адал жұмыс жасау керек. Ал райдер туралы кейін ойланып, қарастыруға болады. Бірінші атыма жұмыс жасасам, кейін менің атым өзіме жұмыс жасайды", – дейді Тәуекел Мүсілім.

Айтпақшы, сұхбат барысында Тәуекел киноәлеміндегі ең үлкен гонорарын да еске алды: "Ең үлкен гонорар – 15 мың доллар болды. Қайда жұмсағаным есімде жоқ. Себебі, оны жеті жыл бұрын алған едім".
Ал қазіргі гонорарын құпия ұстауға тырысқан сері қаржылық сұрақтарды директорына қоюға жол сілтеді. Бүгін де отандық киноларға сұрыптау жасап қана түсетін Тәуекелдің тіпті Қазақстандық киноларды көруге уақыты да болмай жүр екен.

Түркиялық актер Бурак Озчивиттің қатысуымен өткен іс-шараны тізгіндеу Тәуекел Мүсілімге жүктелді. Алайда көпшіліктің ойынша, актер жүргізушілік қабілетін жоғарғы деңгейде көрсете алмады. 
“Буракпен өткен кездесуді жүргізгеніңіз сұмдық болды”, “Тәуекелді тек түрі үшін ғана алудың қажеті жоқ, жүргізе алмайды”, “Қайта-қайта телефонға қарап, сұрақ іздеп, суретке түстіңіз бе? Сырттай өте ерсі көрінді”, “Қайдан киноға түсесің, шараны жүргізе алмай тұрсаң”, “Екі сөзді қоса алмай, сұрақты ежіктеп оқыдың ғой”, “Мемлекеттік тілде жүргізу қайда қалды”, – деп сынның астына алды желі қолданушылары.

Талқылау