Тауекел Мүсілім алғаш рет әке атанды
Белгілі қазақстандық актер және тележүргізуші Тәуекел Мүсілім алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

32 жастағы актер мен оның әйелі Махаббат Түктібаева ұлды болды. Ата-ананың сәбиге қойған есімі әлі хабарланған жоқ. Ана мен баланың жағдайы жақсы.
Актердің таңдауы өткен жылы 25 жастағы Махаббат Түктібаеваға түскен еді. Ол Қарағанды медициналық университетінің түлегі. 2017 жылы сұлулық байқауына қатысып, «Қарағанды вице-аруы» атағына ие болған. Ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын үйленді.
- "Ел тойға дейін жақын болды деп ойлайды": Тәуекел Мүслім мен әйелі сұхбат берді
- Сұлулық салонында жұмыс істеп, маникюр жасаумен айналысамын": Тәуекелдің қалыңдығы өзі жайлы айтып берді
Жас жұбайлар үлкен тойдан бас тартып, қуанышын өздерінің туыстары мен достарының ортасында қарапайым түрде атап өтті.
Тәуекел мен Махаббат жарнамалық түсірілім алаңында танысқан. Актер Махаббатты өзі ұнатып, оған назар аудара бастағанын бірнеше рет айтқан еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі