Таразда жаңа мектеп өртенді
Таразда жаңа мектепте өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Таразда 15-шағын ауданда орналасқан жаңа мектеп өртке оранғанын хабарлады.
“Әзірге жұмыс істемейтін жаңа мектептің үш қабатты ғимараты өртке оранды. Өрт сөндірушілер келген кезде бірінші қабаттан қою түтін шығып жатқан. Өрт кезінде құрылысшылар ғимаратта жөндеу жүргізіп, өздері эвакуациялаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 80 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті