Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босатылды

Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босатылып, үй қамаққа алынды. Мұндай қаулыны Mudarabah capital қаржы пирамидасы ісі бойынша судья шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейіржан

Судья Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша айыпталған Мейіржан Төребаевтың адвокатының өтінішін қанағаттандырып, бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамағына ауыстырды. Ол сәуір айынан бастап танымал вайнер Мейірхан Шерниязовпен бірге қамауда отырған болатын. 

Сонымен қатар судья Кәмшат Саурова сотты офлайн режимінде өткізуден бас тартты. Бірқатар адвокаттар офлайн процесс туралы өтініш білдіргеніне қарамастан, видео-байланыс арқылы онлайн форматта өту тәртібі тағайындалды.

Ал Мейірхан Шерниязовқа келетін болсақ, ол негізгі сот процесі кезінде тергеу изоляторында қалатын болды. 

Алдын ала отырыс Алматыда 21 желтоқсанда басталды. 150-ден астам салымшы құрбан болған Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастыруға және басқаруға күдікті 14 адам бар сот алдында жауап беруде. 

Айта кетейік, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша, А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды. Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты.

Кейіннен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталды.

Талқылау