Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық актрисаның ақбөкен төлімен түскен фотосы қазақстандықтардың ашуын туғызды

Әлеуметтік желілерде актриса Альмира Тұрсынның ақбөкенмен түскен фотосы қызу талқылануда. Экологтардың айтуынша, ережелерге сәйкес, ақбөкеннің төлін бір минуттан аса ұстауға болмайтынын айтады. Ал желі қолданушылары фототүсірілім одан ұзағырақ уақытқа созылғанын айтып дауласты. Олардың айтуынша, ақбөкен төлін ұзақ уақыт қолда ұстап, өлтіріп қоюға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында актриса Альмира Тұрсын Instagram-дағы парақшасында ақбөкен ұстап түскен фотоны жариялайды. Фотосессияны Оспан Әли #Menqazaqdalasynqyzymyn жобасы үшін дайындаған.

Фотограф ақбөкеннің төлін қорқытып алмау үшін үш минутта суретке түсіргенін айтқан. 

Алайда желі қолданушылары фотоларды сынап тастады. Көбі мұндай фотосессия үш минутқа созылуы мүмкін емес екенін айтты. 

"Үш минутта актриса әртүрлі образда суретке түсіп үлгерді ме? Шаш жасау, бет әрлеу, үш түрлі көйлек кию үш минутты алды ма?", - деді желі қолданушылары. 

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының бұрынғы басшысы Айтуар Туғанбеков ақбөкенмен жұмыс істеу ережелері туралы пікір білдірген.


"Үйдің астан-кестеңін шығарып жатса да, дымын білдірмейді": Дана Нұржігіт отбасылық зорлық-зомбылық жайлы пікірі үшін сынға қалды 


"Сайғақтардың төлдерін жайдан-жай қолға алуға болмайды. Ғалымдар ең бірінші жануардың көзін жабады, осы уақытта екінші адам жануардың денесін өлшейді, үшінші адам мәліметтерді жазып отырады. Осының бәрі арнайы қолғаптарда, барынша өте тез және дыбыс шығармай жасалады. Бір минуттан аспау керек. Мұндай сақтық шараларын бұзу күйзеліс мен жарақаттануды алдын алу үшін және түрлі иіс пен басқа да із қалдырмау үшін жасалады, осылайша байланысқа түспеу қамтамасыз етіледі. Өлшеудің өзі таңертең ерте жасалуы керек, өйткені ақбөкен аналықтары түскі асқа төлдерін тамақтандыруға келеді, осы кезде олар қатты шөлдейді", - деп жазды Туғанбеков Facebook-тегі парақшасында.

Бұл жағдайға экология Министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді. Фотограф Оспан Әли фототүсірілімге рұқсат беру туралы ресми сұратып жіберген. Экология министрлігі оған жануардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін барлық шараларды сақтаған жағдайда, сондай-ақ, инспекторлардың міндетті сүйемелдеуімен бірге жұмысына рұқсат берген.

"Сондықтан бәрі біздің инспекторлардың бақылауында болды. Бұл ретте бірде-бір ақбөкен зардап шеккен жоқ, - деді Экология министрлігінің ресми өкілі Самал Ибраева.

Еске салсақ, 13 мамырда Жәнібек ауданы, Тау ауылының маңынан 372 өлген киік табылды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, олар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қырылып қалған.


"Екі ғасырда Каспийдегі итбалықтар саны 10 есе азайды": Эколог Каспийдегі жалғыз сүтқоректі жануардың жойылып кету қауіпі туралы 


 

Талқылау