Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электрсамокаттардың қозғалысын камералар мен дрондар да бақылайды

электрсамокат тәртіп
Фото: magnific.com

Ішкі істер министрлігі еліміздің мегаполистрінде және басқа да қалаларында электрсамокаттардың жүру тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізде электросамокатпен тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге заңмен тыйым салынды. Басқарма жаяу жүргіншілердің, әсіресе, балалар, қарттар, баламен жүрген ата-аналардың қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті.  

Ведомство мәліметінеше, жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза таптқан.

“Электросамокаттарға тыйым салынып отырған жоқ. Тек оларды қай жерде және қандай тәртіппен пайдалануға болатыны нақты белгіленді. Полиция жаңа талаптардың сақталуын толық бақылауға дайын. Бақылау тек көшедегі патрульдермен шектелмейді. Бейнебақылау камералары, техникалық тіркеу құралдары және дрондар пайдаланылады. Ал ірі қалаларда электросамокатпен жүретін полицияның мобильді топтары жұмыс істеп жатыр. Бұл оларға самокаттар көп жүретін жерлерде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондықтан полиция қызметкері көрінбесе, бақылау жоқ деген сөз емес. Құқық бұзушылық техникалық құралдар арқылы да тіркеліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. 

Электросамокаттарды жалға беретін компанияларға талап қойылды. Барлық оператордың жаңа ережелер туралы хабары бар және олар талаптарды орындауға міндетті.

 

“Біздің басты міндетіміз – жаңа талаптардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Тротуар жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болу керек, ал электросамокатты пайдаланушылар белгіленген тәртіпті сақтауы қажет. Бұл өзгерістердің артында қоғамның қауіпсіздікке деген сұранысы тұр. Ендігі міндет – жаңа талаптарды сақтау”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ басқарма полиция өзіне тиісті бақылау жүргізуді жалғастыратынын атап өтті.

Еске салайық, 25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокатпен жүру тәртібі өзгереді. Тротуармен жүруге тыйым салынып, жолға шығатындарға жас, жүргізуші куәлігі мен қорғаныш дулығасына қатысты талаптар қойылады

 

 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026 08:12