Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдықты

“Рэкетир”, “Брат или брак” фильмдері арқылы көпшілікке танылған Мұрат Бисембиннің денсаулығы сыр берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/murat_bissenbin/

Отандық киножұлдыз жаман ауруға шалдыққан. Әріптесі Саят Исембаев жаңалықты жариялап, халықтан ақшалай көмек беруін өтінді.

“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны "Рэкетир" фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазды Саят Исембаев.  



Актер видео астына әріптесінің реквизиттерін қалдырды.

Kaspi Bank АҚ Карта шот нөмірі (IBAN) KZ90722C000066733567

Kaspi Bank карта нөмірі 4400 4302 0096 8318 Murat B.

Halyk Bank шот нөмірі (IBAN) KZ186010012002424206

Карта нөмірі 4405 6376 7126 0695 Murat B.

Kaspi нөмір +77022221170 Мурат Б. 

 

Талқылау