Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Танымал адамдар арқылы өзіне пиар жасағысы келеді”: Дәулет Мұқаев Димашты сынаған Бақыт Шадаева жайлы 

Тележүргізуші Дәулет Төлеутайұлы Димашқа сын айтқан Бақыт Шадаева жайлы өз ойын айтты. Блогер  мұның көреалмаушылық екенін алға тартты. 

“Негізі біреулердің аты өшіп бара жатса, танымал адам арқылы өзіне пиар жасағысы келетін жағдайлар көп кездеседі. Бақыт Шадаеваның сұхбатын тыңдап, маған сондай ой келді. Жалпы, Бақыт Шадаеваның қандай әндерін білесіздер? Димаш біздің бренд! Қазақтың бренді! Әлемдік тұлға! Бүкіл әлем Димашқа тамсанып, қызығып жатқанда... Көре алмайтын өз қазақтарымыздың бары қынжылтады”, – деп жазды Дәулет парақшасында.

Желідегі оқырмандары блогердің сөзін қостай жөнелді. 

“Димашты мойындаған бүкіл әлем ақымақ, бұл ақылды екен”, “Қазақты үш нәрсе алға жылжытпайды! Олар үш ағайынды іштарлық, жағымпаздық және мақтаншақтық!”, “Қазақ қазақты кері тартпаса, басы ауырады емес пе? Қазақ десең, өзіңе тиеді. Күллі әлем мойындап отырған Димашты сынайтындай өзі мықты әнші ме?”, “Димаш бәріне жақсы болды ғой”, “Даусы болмаса, әлем танымас еді”, деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Бақыт Шадаева Димаш Құдайбергенді даусы дұрыс қойылмаған әнші деп атаған еді. Бұл пікірі көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Осы сұхбатында Шадаева өнердегі әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен неге араласпай кеткенін айтқан еді.


"Менімен селфи жасайтындай ол кім сонша?": Рымбаева Наурыздағы дауға қатысты пікір білдірді

Талқылау