Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тамақ ісіп, қызу көтеріледі": Роза Әлқожа белгісіз вируспен күресіп жатқанын айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа балаларының белгісіз вирус жұқтырып, ауырып қалғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Өнер иесі аурудың белгілерін де атап өтті. Халықты сақтандырып, салауатты өмір салтына үндеді. 

“Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным, мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар. Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп, вирустан қалай емделіп жатқанын айтты. 

“Бізде қорап-қорап дәрі ішіп жатырмыз”, “Салқын ішпей-ақ тамақтан ұстап жатыр”, “Дәрі де қымбаттап кетті”, “Дәрінің пайдасы аз-ау”, “Препарат ішкенімен оның зияны да бар”, – деп жазды оқырман қауым. 

Еске салайық, Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың орындалмаған арманын айтты. 

Талқылау