"Талибан" ұйымының өкілі Ауғанстанда соғыс аяқталғанын хабарлады
"Талибан"* радикалды қозғалысының әскерилері Панджшер провинциясын толық бақылауға алғаннан кейін Ауғанстандағы әскери операцияларды аяқталды деп санауға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.

"Панджшер қаласындағы толық бақылау кеше түнде және бүгін таңертең орнатылды. Осылайша Ауғанстандағы соғыс аяқталды. Енді оған ешқандай ақтау жоқ. Елімізді даму жолына қоятын уақыт келді", – деді қозғалыстың өкілі Забихулла Муджахид Ауғанстанның Ariana News телеарнасына берген сұхбатында.
Тәліптер Панджшерді жаулап алғанын тойлаған: Кабулда аспанға атылған оқтан 17 адам қаза тапты
Бұған дейін тәліптердің ұзақ уақыт қарсылық көрсеткен Панджшер елді мекенін басып алғандығы айтылған.
"Талибан"* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді