Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Жорабаев кезінде сиыр сауып, күбі піскен (фото)

Әнші Талғат Жорабаев бойдақ кезінде күбі пісіп тұрған суретімен бөлісті. Ол елдің сөзіне қарамастан, анасына көмектесу үшін үйленбей тұрған шағында ердің де, әйелдің де ісін атқарғанын айтты.

17881278_1323424077705698_8594873967599157248_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бұл менің бойдақ кезім еді! Мектептен келе салып, ер адамның тірлігін жасап болып, анама көмектесетінмін. Студент кезімде де, тіпті оқу бітіргеннен соң ауылға барғанда, балалық шағым еске түсіп, тағы анама осылай көмектесетін едім.

18299003_1359469690801890_728791714600321024_n

Тіпті бие, сиыр сауатынмын. Сонда біраз “кісі сымақтар” мысқылдап күліп, өздерінше қолдарынан барлық іс келетіндей сөйлеп, кекетіп қалатын еді. Бірақ өздерінің қолынан əйел адамның жұмысы тұрмақ, нəйеті “шеге қаға алмайтын” жағдайда еді! Сол кезде менің ойымда бірақ ой болатын, “Ең бастысы анам риза болса болды, қалғандарының əңгімесі маңызды емес” деп жымиып қарайтын едім! Біздің жанұяда мынау əйелдің, мынау ер кісінің жұмысы деп бөліп жармай үйреткен. Сонда ғана әйел ер адамды, ер әйел адамды түсінеді. Барлық істің анық қанығын үйреткен әкем мен анамнан Алла Тағалам разы болып, оларды жəннəт иелерінен қылсын! Əмин”, – деп жазды Жорабаев желідегі парақшасында.

Желідегілер әншінің өнегелі әңгімесіне тәнті болды.

“Өзіңдей ер азаматтар көп болса екен”, “Ананың разылығын алған адам бақытты болады”, “Дұрыс, мұндай үйде ұрыс бой көрсетпес”, “Не ексең соны орасың деген рас қой негізі. Тəрбиені əке-шешеңіз жақсы бергені, иманды етіп бергені ісіңіз бен сөзіңізден көрініп тұр.Балаңыздан да осындай жақсылық көріңіз”, – дейді оқырмандар.

Жіберіп алмаңыз:

Галактикадағы жарық жұлдызға Димаштың есімі берілетін болды

Әнші Бүркіт кино түсіруге кірісті (фото, видео)

Жанар Дұғалова тамағына ота жасату үшін Ресейге аттанды

Айқын КешYou-дің экс-әншісін тоқалдыққа алғанын растайтын той видеосын түсіндірді

Талқылау