Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын КешYou-дің экс-әншісін тоқалдыққа алғанын растайтын той видеосын түсіндірді

Әнші Айқын Төлепберген желіде тарап кеткен той видеосын түсіндірді. Ол шын мәнінде КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиға үйленбегенін, ал той кадрларының бар болғаны түсірілімнен алынғанын айтып берді.

18251516_216620988833177_1667917156030873600_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Интернетте жүрген “жаңалыққа” айтарым, бұл сьемка. Сериал түсірілімі. Сондықтан ондай әңгімені тоқтатуларыңызды сұраймын. Жалпы, болашақта біреудің жеке өміріне араласу, ол туралы (рұқсатсыз) ақпарат тарату дұрыс емес деп ойлаймын. Құрметті журналистер мен инста-порталдар, кез келген адам жеке өмірін құпияда сақтауға құқылы. Түсірілімнің желісін, сериал экранға шыққанда көре жатарсыздар. Құрметпен, Айқын. Раxмет», – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел арасында Айқынның әйелімен ажырасып, Жұлдыз Өмірғалимен шаңырақ көтеретіні жайлы ақпарат тараған еді. Бұл туралы отандық басылымдар да жарыса жазған. Ал күні кеше желіде Айқынның әнші Жұлдыз Өмірғалиді ұзатып алып бара жатқан видеосы пайда болып, ел аузындағы әңгімені растай түскендей болды.

Жіберіп алмаңыз:

Димашқа франциялық көрермендер тікесінен тік тұрып қошемет жасады (видео)

Әнші Жазира Байырбекова баспалдақтан құлап аяғын сындырып алды

Димаш туған күнін Қытайда атап өтпек

Димаштың концертіне 6 күн ішінде 7 мың билет сатылып кеткен

Талқылау