Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың концертіне 6 күн ішінде 7 мың билет сатылып кеткен

Димаш Құдайбергеннің концертіне алты күннің ішінде 7 мың билет сатылып кетті, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

1870048

Димаш Құдайберген: қазақ халқына мың тағзым, елбасыға шексіз алғыс “ЭКСПО аясында өтетін кең ауқымды концерттердің бірі — Димаш Құдайбергеннің концерті. Ол Астана-аренада өтеді. “Астана-арена” стадионына 22 мың адам сыяды. Қазіргі уақытта алты күн ішінде 7 мың билет сатылып кетті”, — деді Мұхамедиұлы.

Министр қазір Димаш Құдайбергеннің екінші концертін өткізу қарастырылып жатқанын жеткізді.

Айта кетсек, Димаш Құдайбергеннің концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де “Астана-Арена” стадионында болады. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз:

Жасырын түсірілгнен Жұлдыз Өмірғали мен Айқынның той видеосы шықты (видео)

Қайрат пен Төреғали “Меломендіктердің” эстафетасын қабыл алмады

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?

Талқылау