Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат пен Төреғали жағдайы жоқ кісілерге көмектесуді қолдамады

«Меломен» тобының жігіттері пиардың ұтымды түрін ойлап тапқан-ды. Олар жақсылық жасаудан жарысуды жөн көріпті. Алайда әнші жігіттердің эстафетасын әріптестері қабыл алмай қойған. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз.

қайратторегали

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Бүкіл әлем бойынша түрлі эстафета шығып жатыр: мұздың ішіне түсу, басынан су құйып жіберу. Әрине, ол жақсы, қызықты. Бірақ әр эстафетаның берері болуы керек. Біз жақсылық жасаудан жарысуды жөн көрдік. Айналамызда мұқтаж жандар, жалғызбасты әжелер мен аналар көп. Абай атамыз «Жақсылық жасауда, сыйлық сыйлауда жарысыңдар» деп айтады. Осы мазмұндас хадистер де бар. Сол секілді осыны басқа әншілерге жолдап, тарату мақсатында істеп жатырмыз. Бұл эстафетаны «Жігіттер» квартетіне, Қайрат Нұртасқа, Төреғали Төреәліге, «Ринго» тобының жігіттеріне жолдадық», – дейді «Меломен» тобының жігіттері.

Олар жуырда бейтаныс әжейдің үйін тазалап, қоқысын шығарып, материалдық көмек көрсеткен. Эстафетаның жолданғанына бір айдан асқан. Алайда жұлдыздар оны қабыл алмады. Әншейінде бір-бірімен жарыса кететін әншілер бұл шараны елемеген сыңайлы.


Жіберіп алмаңыз:

“Ауырдым” деп жар салған Жігер Ауыпбаев Түркияда бейнебаян түсіріп қайтқан

Мырзахан Маханов: Барлығы Алланың қалауымен болып отыр

Мөлдір Әуелбекова не себепті тұсау кесіп көрмегенін айтты

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?

Талқылау