Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Галактикадағы жарық жұлдызға Димаштың есімі берілетін болды

Қазақ әншісі Димаштың аты Андромеда галактикасындағы жұлдызға берілетін болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

b110ebed3852f7081b7ef21e705ff569_L

Аспан көгіндегі жұлдызға Димаштың аты берілетіні туралы ақпар Weibo әлеуметтік желісіндегі Димашқа арналған фанаттар тобының парақшасында жария етілген.

20170503132434

Ондағы мәліметке сүйенсек, жанкүйерлер америкалық Name A Star Live жобасы арқылы бір жұлдызды сатып алып, оны Димаш Құдайберген деген атаумен арнайы картаға енгізген.

20170503132454

Сондай-ақ, бұл жұлдыз атауын Space Service INC (SSI) тізіміне де бекітіп қойыпты. Ал ол тізім SSI-дің ғарыштық мұрағатында өмір бойы сақталып тұрады.

20170503132502

“Ең жарық жұлдыз біздің сүйікті әншіміз Димаш үшін” деп жазды “Димаштың әпкелері” парақшасында.

Андромеда шоқжұлдызы — ІІ ғасырдағы әйгілі грек-рим астрономы Птолемей белгілеген 48 шоқжұлдыздың, қазіргі анықталған 88 шоқжұлдыздың бірі болып, біз тұратын Құс жолы жүйесіне ең жақын тұмандық күйіндегі алып жұлдыздық жүйе шоғыры есептеледі. Ол грек мифологиясындағы Андромеда арудың атында аталады. Андоромеда шоқжұлдызы әдетте солтүстік жартышарда кеште ең жарық көрінетін жұлдызшоғыры болып Персей шоқжұлдызымен қатарласады.

Димаш Қытайдағы телебайқауда атағы шыққалы бері, әлемді дара талантымен тамсандырып жатыр. Әсіресе, оның өзі мен өнеріне ғашық болған қытай қыздары әлеуметтік желі арқылы қазақ баласына деген сағыныштарын да айқын көрсетуде. Біраз уақыт бұрын Димашқа арналған кітаптың да шыққанынан хабардар етіп, сондай-ақ, оның француздық жанкүйерлерін де таңғалдырғанын жазған болатынбыз. Ал жақында ғана талантты әншіні Елбасының өзі қабылдап, ақ батасын берді.

Оқи отырыңыз:

Бесбаев пен Арынбаевтың жаңа әні тыңдармандардың көзіне жас келтірді (видео)

Төреғалидің жұбайымен түскен суреті желіні шулатты

Жанар Дұғалова тамағына ота жасату үшін Ресейге аттанды

Айқын КешYou-дің экс-әншісін тоқалдыққа алғанын растайтын той видеосын түсіндірді

Талқылау