Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Ермегияев 5 тәулікке изоляторға отырғызылды

“Астана ЭКСПО-2017” компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев колония тәртібін бұзғаны үшін изоляторға отырғызылды. Ермегияев алдағы 5 тәулігін сонда өткізбек.

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Ермегияев бұған дейін жеңілдетілген жағдайда жазасын өтеп келген.Оған айына бір рет азық-түлік пен қажетті заттарға 10 АЕК көлемінде ақша жұмсауға рұқсат берілген. Сондай-ақ, Ермегияев бір жыл ішінде алты сәлемдеме мен алты бандероль, 4 қысқа мерзімді және 4 ұзақ мерзімді кездесуге мүмкіндік алған.Бұған дейін Ермегияевқа түрмеде қолайлы жағдай жасалғаны айтылды.  Еске салайық, 2016 жылы Талғат Ермегияев ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталып, 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 5 баланың әкесі қарттар үйінде тұрып жатыр

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

Теміртау халқы 11 млн теңгеге қалаға екі шырша алған әкімдіктің ұрлығын ашты

34 химиотерапиядан соң: 8 жасар бүлдіршін обыр дертін жеңіп шықты (фото)

Талқылау