Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғар ауданының әкімі ұсталды

Алматы облысында Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевті ТКШ бөлімінің орынбасары және бастығымен бірге ұстағаны хабарланған. Шенеуніктер мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етуге жатпайды", - деді ведомствода.

Бұл ретте Алматы облысының әкімдігі Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев қызметінен босатылмағанын мәлімдеді.

"Серікжан Ерекешев мырзаны босату туралы өкім шығарылған жоқ. Талғар ауданы әкімінің орынбасары А. Ашимахун, ТКШ бөлімінің басшысы А.Шамаев өздерінің лауазымдық міндеттерін тікелей жұмыс орындарында атқаруда", - деп хабарлады әкімдікте.

Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып 2020 жылдың тамыз айында тағайындалды.

Талқылау