Талдықорғандағы авиациялық базада әскери қызметші қаза тапты
15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер қозғалып кетіп, соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олардың біреуі алған жарақат салдарынан көз жұмды. Зардап шекккен екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.
“Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – делінген ведомство хабарламасында.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі