Талдықорғанда шенеуніктер мен жеке тұлғаларға 360 пәтер құжатсыз берілген
Соңғы 5 жылда Талдықорғанда 360 пәтер жеке тұлғалар мен белсенді мемлекеттік қызметкерлерге құжатсыз берілген. Бұл туралы қала әкімі Әсет Масабаев журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, қазір заңсыз баспана алғандардың пәтерлерін тәркілеу процесі жүріп жатыр. Ары қарай оларды ресми пайдалануға беру ұсынылады.
"Халықтың әлеуметтік осал топтары санатына тағы 748 құжатсыз пәтер берілген. Бұл тізім мұрағаттық мәліметтермен нақтылануда. Оның ішінде 298 тұрғын үй саяжайда, 450 пәтер көп қабатты тұрғын үйлерде орналасқан", – дейді Әсет Масабаев.
Талдықорған әкімі қазіргі таңда 96 сот ісі қаралып жатқанын айтты. Белгілі болғандай, 2015-2021 жылдар аралығында Талдықорғанда 1300-ден астам пәтер мен үй заңсыз берілген.
- "Жер бәріне жетпейді": Шенеуніктер ауыл тұрғындарына мал шаруашылығымен айналыспауға кеңес берді
- Екібастұзда өрт сөндірушілер екі баланы өрттен құтқарып қалды
Талқылау

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
Жетіген тұрғындары қала мәртебесіне үмітпен қарағанымен, шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес

"Салқын суға салсаң, бояуы шығады": Отандық шоу-бизнес жұлдыздарының шайы халықтың көңілінен шықпай қалды
Экономист: "Шай плантациясы жоқ елде толыққанды өндіріс болмайды"