Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда келінін есінен танғанша ұрған енесі сотта тек ескертумен құтылып кетті

Талдықорғанда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық наразылық тудырған келін мен ене арасындағы сот ісі аяқталды.

Алматыда өгей әкесін зорлады деп айыптаған қыздың оқиғасы: Іске қатысты күтпеген мәліметтер шықты

Қазан айының басында Талдықорған ауруханасының жансақтау бөліміне жас келіншек түсті. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жәбірленуші оны қайын енесі ұрғанын айтты. Кейінірек әйел полицияға тиісті мәлімдеме жасаған.

Құқық қорғаушылар бұл іске қызығушылық танытты, олардың арасында NeMolchi.kz қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі болды. Өзінің желідегі парақшасында ол бұл іс бойынша сот шешіміне наразылық білдірді.

"17 қарашада Талдықорған қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында судья М.И.Мамутова ӘҚБтК-нің 73-бабының бірінші бөлігі бойынша айыпталушыны кінәлі деп тану туралы шешім шығарды және ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартты",  - деді Дина Таңсәрі.

Құқық қорғаушы прокуратурадан бұл істі қадағалап, оны қатаң жазамен қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қайта қарауды сұрады.

"7 қазанда 1996 жылы туған келіншектің үйіне курьер гүл шоғын жеткізіп береді. Келін күйеуінің отбасымен бірге тұрған. Осыдан кейін курьер қайтып келіп, қателескенін айтып кешірім сұрап, гүл шоғын алып, басқа пәтерге кетеді. 1972 жылы туған қайын енесі сол сәтте үйде мас күйінде болған. Ол келінін балағаттай бастайды. Келінін әлдекіммен кездесіп жүр деп болжаған енесі оны есінен танғанша ұрады. Соның салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, тыныс алу аппаратына қосылды. Медициналық тексеру кезінде енесінің туберкулездің соңғы сатысымен ауыратыны анықталды. Соның салдарынан жас келін туберкулезге шалдықты, бұл бүкіл отбасы үшін ауыр жағдай болды!", - делінген мәтінде.

Келіні туберкулез инфекциясы туралы ақпаратты растап, қазір емделіп жатқанын айтты. Жәбірленуші ажырасуға арыз жазды. 

"Мен ештеңе талап етпеймін. Мен тек әділеттілікті қалаймын. Болмаған нәрсе үшін кінәлі болғым келмейді. Көрдіңіз бе, егер жазасыз жүрсе, онда бұл басқа адамның басынан да оқиға қайталануы мүмкін, мүмкін одан да жаман болар», - деді жәбірленуші.

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының хабарлауынша, сот актілері әлі заңды күшіне енген жоқ және екі тарап та оларға шағымдану құқығын пайдалана алады. Жәбірленушіге денсаулыққа зиян келтіру туралы іс материалдары бөлек іс жүргізуге бөлініп, қажетті іс жүргізу әрекеттері үшін полицияға жіберілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр