Талдықорғанда екі адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды
Талдықорғанда екі адамды аса қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/zhetysu.police
Жетісу облыстық полиция департаменті күдікті туралы ақпарат пен фотосуретін жариялады.
"Жетісу облысының полицейлері 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіруде. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмыс (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді", - делінген полиция хабарламасында.
Ерекшеліктері: мойынның сол жағында “сарышаян" түріндегі татуировкасы бар, бір саусағы жоқ.
"Іздеудегі адамның қайда екені туралы мәлімет білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66 немесе "102” телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұраймыз”, – делінген хабарламада.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған