Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 7 баласы бар отбасының үйі жанып кетті

Талдықорған қаласында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Кәмелетке толмаған 7 ұл мен олардың ата-анасы баспанасыз далада қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпаратты Алматы облыстық ТЖД растады. Оқиға Талдықорған қаласы, “Көктал” ықшам ауданында орын алған. Болжам бойынша, өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болыпты.

Өрт кезінде отбасы мүшелері үйде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода балалардың анасы Мәншүк ханым оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол өрт басталған кезде бөлмеде кенже баласына сүт беріп отырғанын айтты. 

"Бір кезде күйеуім "өрт, өрт" деп айқайлады. Мына жерде екі матрас тұрған. 3 жасар балам соның астына тығылып қалған. Өзі сөйлемейді. Біз оны білмейміз", - дейді балалардың анасы. 



Балалардың әкесі Әділбек ұлын іздеу кезінде үйдегі заттарды төңкеріп, қолын күйдіріп алған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тек үй тұруға жарамсыз болып қалды. 

Енді Әділбек пен Мәншүктің отбасы қазақстандықтардан көмек сұрайды. 

"Мүмкіндігінше, осы отбасына көмектесейік.

Kaspi Gold 8 707 310 83 70 Мәншүк Д.

Мәншүктің телефоны өрт кезінде жанып кетті, сондықтан барлық сұрақтар бойынша үлкен ұлына қоңырау шалыңыз.

Нұрдәулет 8771 847 96 66", - деп хабарланған kris_p_tdk паблигінде. 

Сондай-ақ, 15, 13, 11, 9, 7, 3 және 1 жасар ер балаларға заттар қажет екені айтылған. 

Талқылау