Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тал бойыңда бір мін жоқ": Тамара Асар Кәмшат Жолдыбаеваға тілегін айтты

Тамара Асар Кәмшат Жолдыбаеваны туған күнімен құттықтады. Әнші мақтауын асырып, шынайы тілегін жеткізді. 

“Туған күнің құтты болсын, сұлуым! Тал бойыңда бір мін жоқ сенің, тіл-көзден аман бол жаным, Кәмшатым! Сарыауыз балапан кезіңнен “өнер” деп соққан жүрегің жетелеп сені биіктерге алып келді. Бақытты бол! Ендігі кезекте сүйгеніңнің сүйіктісі болып, шаңырақ құруды тілеймін! Сенің Тамара апаң”, – деп жазды Тамара Асар. 

Кәмшат Жолдыбаева өнердегі әпкесінің тілегін өз парақшaсында жариялады. Әнші сұхбатының бірінде өзін сахнаға шығарған Тамара Асар екенін мәлім еткен еді. Бала күнінен ән айтып, би билеп, өнерге жақын болған қызға әпкесі қолдау көрсеткен.  

Желідегі оқырманы ақ тілегін жаудырып жатыр. 

“Туған күнің құтты болсын”, “Жаңа жасың құтты болсын, жүз жаса”, “Тал бойында бір мін жоқ деп бәрін көрсете бере ме?”, “Жақсы қыз елдің сүйініші”, “Сұлулықты жасыруға болмайды”, “Кәмшаттың өнері ұнайды, басқасы қызық емес”, – деп жазды желідегілер.


Талқылау