Өскеменде такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген келіншектің сөмкесін тартып алды
Ақпан айының басында 43 жастағы әйел Өскеменнің Ертіс форпостындағы «102» жедел каналына хабарласып, такси жүргізушісі оның сөмкесін алып кеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші ақшасын таба алмай қалғанын, жол ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген.
Такси жүргізушісі оны үйдің ауласына тастап, әмиян, жеке куәлік, 500 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, банк картасы және ұялы телефон салынған сөмкесін алып кеткен. Келтірілген шығын 45000 теңгені құрады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған 31 жастағы ер адамды анықтады. Айғақты заттар ішінара тәркіленді", - дейді полиция.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
