Таиландта аптап ыстықтан 30 адам көз жұмған
Таиландтағы аптап ыстық тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Әсіресе Бангкоктағы панасыз адамдар мен ерекше қажеттігі барлар зардап шегеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Тұрғындар ыстыққа күйіп емес, аштан да өлеміз ба деп алаңдаулы. Өйткені күннің ыстығынан олар көшедегі үйреншікті істерімен айналыса алмай жүр.
Қайыршылықпен күн көретін зағип Самфат Сидачарт қоғамдық орындарда күнін өткізетін. Бірақ қазір адам төзгісіз аптап ыстыққа байланысты таңертең немесе кешке ғана шыға алатынын айтты.
Ал бұрын күні бойы ақша үшін өнер көрсететін зағип әнші Хан Бунло енді тек таңертең ғана ән айта алады. Осыған байланысты оның күнделікті табысы шамамен үш есе азайып, әдеттегідей 400 бат (шамамен 5000 теңге) емес, 150 батқа (шамамен 1700 теңге) дейін ғана пайда табады.
“Басым айналады. Қазір де басым айналып тұр. Ыстықтан тынысым тарылады. Мен өзімді жақсы сезінбеймін”, – деп мойындады Хан.
Бангкокта, сондай-ақ елдің орталық және солтүстік аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асады деген болжам бар. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмау кеңес етіледі. Корольдік Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі бір айда аптап ыстықтан 30 адам көз жұмды.