Табыссыз қалған қазақстандықтар МӘМС жарнасын қалай төлейді?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов пандемия кезінде кірістерін жоғалтқан және міндетті сақтандыру жарналарын сала алмайтын қазақстандықтар үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол мүлдем жұмыссыз қалғандар мемлекет тарапынан сақтандырылатынын айтты. Ал қысқартуға түсіп, табыссыз қалған қызметкерлерге компания сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.
"Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Олар сізді мемлекет аударым жасайтын азаматтардың жеңілдік санаттарының тізіміне кіргізеді. Егер сіз жұмыспен қамту орталығына жүгінбеген болсаңыз, кез келген жағдайда сізге қажет 2 125 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді өздеріңіз жасай аласыз", - деді ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”