Түс және түс жору
Түс – тылсым құбылыс. Ол болашағыңыздан хабар беріп, өміріңізге ықпал етеді.
Бүгін түсіңізде не көрдіңіз? Stan.kz ұсынған түс жору арқылы түс әлемінің сырын ұғынып, көрген дүниеңізді неге жору керектігін біліңіз.
А
Аға, бауыр, әпке, қарындас: көру – отбасылық бақыт; алыстау – бақытты оқиға; ұрысу – өкінішке ұрыну.
Ағайындар: ағайындарыңыздың сау әрі күш-қуатқа толы екенін көрсеңіз, демек өзіңіздің не олардың тағдырындағы өзгеріске қуанасыз; ағайындарыңыз кедей халде болып, көмек сұраса, жақын күндері жағымсыз оқиға орын алады.
Ағаш: гүлдеген ағаш – үлкен бақыт; өртенген ағаш – шығынға ұшырау; жемісті ағаш – жақсы жолдаспен кездесу; ағашқа шығу – әр нәрседе бақытқа кенелу.
Ай – құпия билік, тыныштық пен күптеген оқиғалардың белгісі.
Айна – арам, жалған достар.
Акула – дұшпан.
Ақтау – мерекелік іс-шараға қатысу.
Ақша: ақшалы болу – үлкен шығын; жалған ақша – мұрагерліктен айырылу; көп ақша көру – күтпеген жерден байлыққа кенелу; көп ақша санау – табыс табу; қарызға беру – үрей мен машақат.
Алма – даналық пен марапат белгісі.
Алмаз – байлық пен отбасындағы береке.
Алмұрт: жеу – құрметсіздік; ағашта өскен алмұрт – бақытты неке; алмұрт ағашын сілку – құрмет.
Альбом – қуаныш пен шаттық
Апельсин – денсалуғыңыздың тез қалпына келіп, сырқаттан айығу.
Аспан әлемі – болашаққа құрған жоспарларыңыздың орындалуы.
Ата не әже: оларға жолығып, сөйлесу еңсеруге қиын түсетін қиындыққа ұшырайтыныңызды білдіреді.
Аяқ киім – саяхат; таза, әдемі аяқ киім – сәтті сапар; жыртық аяқ киім – дерт пен кедейлік.
Ә
Әйел адам – қастықтың белгісі.
Әртіс – екіжүзді дос, өтірікші серіктес.
Әскер – қоғамдық маңызы бар оқиға.
Б
Базар: базарда жүрсеңіз, өзіңізді жетілдіруді жалғастыруыңыз қажет; базарда саудамен айналысу – өзіңізді саудаға арнау.
Байлық – өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындау арқылы қызмет мансабыңыздың өсуі.
Балалар – қуаныш пен кіріс.
Балапан – отбасындағы қуаныш.
Банан – көңіліңізге ұнамсыз адаммен қарым-қатынас.
Бас киім: қымбат әрі бай тігілген бас киім – танымал, табысты болатыныңыздың белгісі; ескі, киілген бас киім меншігіңізді өзгенің иемденетінін аңдатады.
Бит – байлық.
Бұқа, өгіз: түсіңізде бұқа көрсеңіз, абай болыңыз; оны сою – шыдамдылықты тану; өлтіру – қауіптен құтылу.
Бұлт – ісіңіздегі қиындық.
Бұршақ – табыс, сәттілік, мол өнім.
Г
Гаухар тас – жалған достық, опасыздық, екіжүзділік.
Гүл: әдемі гүлдер – өмірдегі қуаныш пен шаттық; түсіңізде гүл алсаңыз, сізді әлдкем жақсы көреді; солған гүл – дерт.
Ғ
Ғашықтар: ғашық болу – бақытты шақ; ғашықтарды көру – қызғаныш.
Д
Дауыс: дауыс естісеңіз, үмітіңізді үзбеңіз.
Дән – ісіңіздегі сәттілік, мол өнім, тұрмыстағы табыс.
Е
Егіздер: егіздерді көру – ұрпақты болу; егіз балалы болу – отбасылық қуаныш.
Елтаңба – құрмет пен марапат.
Есік: есіктен кірсеңіз, сізді көре алмайтын, арам ойлы адамдардан арылуға деген талпынысыңызды білдіреді.
Ет: ет жеу – сырқаттану; сатып алу – пайда; еттен тамақ дайындау – береке; ет көру – жайсыздық.
Ж
Жаңбыр – ісіңіздің табысты болуы, сәтті әрі қомақты табыс.
Жәшік: толы жәшік – жетістік пен кіріс; бос жәшік – сәтсіздік.
Жол – уайымсыз өмір; тік жол – жоспарлардың асықпай орындалуы; нашар жол – кедергілер; бірнеше тарамға бөлінген жол – жамандық пен жақсылық арасындағы күрделі таңдау.
Жұлдыз: жарқыраған жұлдыз көрсеңіз, ол мықты денсаулық пен жақсы өмірдің белгісі; күңгірт жұлдыз – бақытсыздық пен қайғы.
Жүгіру: жүгірген адамдар – ақшалы болу; бір орыннан қозғалмау –сәттілікті ұзақ уақыт күту; межеге дейін жүгіріп жету – ойланып басталған іс; әлдекміді қуып жету – бақытқа қол жеткізу.
Жүзім – табыс, сәттілік, қуаныш, денсаулық.
Жүктілік: жас әйел үшін – махаббаттағы бақыт; кәрі адам үшін – жақын күндері бақилық болу.
Жылан – әйелдер арасындағы дұшпан; жыланды өлтіру – тұрмыстық қиындықтан арылу.
Жібек – тиімді істің басталуы.
Жіп – өміріңіздегі қиындықтардың әлі де алда екенінің белгісі; үзілген жіп – достарыңыз себепті қайғыға ұшырау.
З
Зират – денсаулық, ісіңіздегі жетістік пен ұзақ өмір.
И
Ине: ине тауып алу – басыңыздың дауға қалуы; сыйлыққа ине алу – жолдасыңыздан айырылу.
К
Кедей: өзіңізді кедей халде көру – жайсыздықтың белгісі; кедейлерді көрсеңіз, бойыңызда мәрттік, мейірімділік сезімдері оянады.
Кедейлік – үрейлену, қынжылу.
Кеш – пайдасыз келісім.
Киіз үй – кедейлік, қорлық көру.
Киім: сатып алу – бақыт; қара киім кию – уайым-қайғы; ақ қиім – өмірге разылық.
Көбелек – қуанышты өмір белгісі.
Көгершін: шатырдағы көгершін – жақсы жаңалықтар; ұшып жүрген көгершін – қуаныш; көгершінді өлтіру – жақын достан айырылу; жем беру – қайырлы іс істеу.
Көз: әлдекімнің көзі соқыр, қыли не көзінде кемістігі болса, ол ісіңіздегі сәтсіздікті, алданатыныңызды аңғартады; көзі сау адамды көру – ісіңіздегі сәттілік, қуаныш.
Көкқұтан: шалғында жүрсе, бақытты некені білдіреді; ұшып жүрсе не көкқұтанды ұстап алсаңыз, ол құдалықтағы машақатты аңғартады.
Көктем – оралу, тамсану, махаббат пен қызметтегі сәттілік.
Күнә: күнә жасасаңыз, ар-ұятыңыздың дауысына құлақ асыңыз.
Кілт – билік пен күш-қуат белгісі.
Кір – байлықтың, өнімді еңбектің, күтпеген оқиғалар мен өсектің белгісі.
Қ
Қазына – орындалмаған үміт.
Қайғы: өзіңіздің қайғыға ұшырағаныңызды көру – қауіп-қатерге тап болу; басқа адамдардың қайғысына куі болу – басыңызға көптеген сәтсіздік келеді.
Қақпа: қақпаны ашу – өміріңіздің соңы бақытты болады; күшпен ашылса, табысқа кенелесіз.
Қарбыз: ер адам үшін – жағымсыз жағдайлар; әйел адам үшін – жүктілік. Ал қыз үшін – жақын күнде тұрмысқа шығу.
Қарға – жайсыз хабар, өкініш, дерт.
Қас: түсте әлдекімнің қасын көру жолыңыздағы күтпеген кедергіні аңдатады; қара қас – денсаулық, қасты күйдіріп алу – мұрагерлік жайында дау.
Қасқыр – қас дұшпан, жайсыз жағдай, сатқындық пен өтірік.
Қой – ақымақ дос.
Қонақ: әлдеқандай шаруамен келген қонақ – сақтық таныту; қонақ болу – үлкен шығын не жақсы көретін дүниеден айырылу.
Қыс: жастар үшін – ашулы адаммен отбасын құру; отбасылы адамдар үшін – қорқыныш.
М
Мақта – нәтижесіз еңбек.
Монша – қауқарсыздық, үмітсіздік, алдану.
Н
Нан: ақ нан жеу – молшылық пен қанағат; қара нан – мұқтаждық, қайғы; нан турау – опасыздық; көгерген нан – дұшпандар; нан сатып алу – отбасылық шығын.
Неке: түсте некелесу міндеттеріңізді атқаруға ораласыз.
О
Омырау: омырау ақ әрі толы болса, жақын күндері табыс пен бақыт күтілуде.
Орамал: жібек орамал – ғашықтық.
От – орындалмас армандар.
Ө
Өрмекші – қауіпті дұшпан; өрмекшіні өлтіру – жеңіс.
Өрік жағымсыз жағдайлар мен шығынды білдіреді.
П
Періште – жақсы жолдасқа жолығу.
Пышақ – ұрыс керіс, жайсыз жағдай.
С
Саңырауқұлақ – миға қонымсыз қалау мен табысқа кенелу жолында ақымақтықпен асығыстыққа бару.
Саяжол – тағыдырыңыздың бұрынғыдай жақсы болмайтынының белгісі.
Сиыр: жуас сиыр арман-үміттердің орындалуы.
Соғыс – жайсыздық, бақталастық, ісіңіздегі қиындық.
Су: суық су – бақыт; су құю – дұрыс іспен айналысу; лай су – кедергі; шомылу – күдіктен арылу; суық су ішу – денсаулық; жылы су ішу – дерт; суда жүру – қиындықтарды жеңу.
Сүлгі: кір сүлгі – көре алмаушылық; сүлгіні жырту – жақтырмау.
Сыпырғыш: сыпырғыш көру – үйдегі келеңсіздік; жаңа сыпырғыш – жалған достар; ескі сыпырғыш – ескі танысыңызбен жолығу; сыпырғышпен сыпыру – өсек.
Сырқат адам: түсіңізде ауырсаңыз, өміріңізде уайымдамаңыз.
Т
Тау: көру – әлдекімнің қорған болуы; тауда жүру – қиындық пен кедергі; шыңына шығу – торуылдан құтылу; қарлы шыңды тау – ниеттің дұрыстығы.
Тиін: ер адам үшін – қу әрі өтірікші әйелмен таныстық; әйел адам үшін – нашар адамның алдап-арбауына түсу.
Тоқаш: сатып алу – табыс; турау – ақша жинау.
Толқын – оқуда нық қадам жасап, үлкен ілімге ие болу.
Топырақ – ауыр, қиын, салмақтылығы зор еңбек.
Тосап: қайнату – сүйікті істе табысқа жету; жеу – махаббаттағы сәтсіздік.
Төбелесу, күресу – аурудан айығу, махаббат пен қызметтегі сәттілік, дұшпандарды жеңу.
Түйе – ұзақ әрі қиын өмір.
Тіл – бос сөз.
Ұ
Ұлу – ісіңізде табысқа кенелу.
Ұрлау – қорлық көру, кедейлік, уайым.
Ұру: адамды не жануарды ұру – ауры, уайым, жоғалту.
Ұшу – үміттердің орындалуы, ісіңіз бен махаббаттағы сәттілік.
Ұя – баспаналы болу, тыныш әрі жақсы өмір.
Ү
Үй: үй салу сырқат адам үшін бақилық болуды, сау адам үшін ауыр еңбек пен машақатты аңғартады; өртке оранған үй – мол табыс.
Үйлену: отбасылы ер адам үшін – опасыздық; бойдақ еркек үшін – алдау мен мұң.
Үйлену тойы – жайсыздық, ұрыс-кіріс.
Үйрек: тұнық суда жүзіп жүрген үйректер саяхат, теңізге саяхатты білдіреді; үйрек аулау – жоспарыңыздың орындалуындағы күрт өзгерістер; ұшып жүрген үйректер – бақытты өмірдің белгісі.
Х
Халық – маңызды жаңалықтар.
Хат: хат алу – көп ақша; хат жазу – қызыққан дүниеңіз жайлы хабар алу; тауып алу – қызметіңіздің өсуі.
Ш
Шабуылдау – жұмыс күтіңіз; шабуылға ұшырау – арам пиғылды жолдастардан сақ болыңыз.
Шалбар: қара түсті – төзім; ақ түсті – адасқаныңызды түсіну; жыртық – беделіңіз түседі; шалбар кию – үйде басшы болу.
Шарап – көңілі толу, жақсы көңіл-күй.
Шаш: тарау – жақсы табыс; қию – отбасындағы қаза; өсуі – істеріңіздің табысты болуы; сату – бақытсыздық.
Шелек: толы – ісіңіздегі жақсылық; шелекпен құдыққа бару – еңбекқорлығыңыз үшін марапат; судағы шелек – құрмет.
Шие – қылмысты махаббат, заңсыз қарым-қатынас.
Шыңға шығу – қиындықтарды еңсеріп, барлық салада жетістікке жету.
Шырақ – сенім, тыныштық, сезімнің белгісі.
Түсімде әйелім басқаға тұрмысқа шығып жатыр ол ненің белгісі
менің түсімде балам түсіп қалыпты ұйқыдан шошып тұрды енді соны уайымдап жүрмін