Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүндеттемекші болған дәрігер 10 жасар баланың жыныс мүшесін кесіп алған

Малайзияның  Селангор штатына қарасты Каджанг қаласында 10 жасар баланы сүндеттемекші болған дәрігер, абайсызда оның жыныс мүшесін кесіп алды.

Бұл туралы The Malay Mail Online хабарлайды.

Оқиға өткен жылы болған. 52 жастағы Алахари Хашима есімді дәрігерге баланың денсаулығына аса ауыр зиян келтірді, заңсыз жекеменшік клиникасын іске қосты деген айыптар тағылған.

Ол екі жыл абақтыда жазасын өтеуі тиіс болған. Сондай-ақ, теңгеге шаққанда 100 мыңнан астам айыппұл төлеуге міндетті. Заңсыз клиника ашқаны үшін Малайзия заңы бойынша 6 жылға сотталып, 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Дәрігердің қорғаушысы сотта оның жұмыстан тоқтатқанын, клиника жабылғанын айтқан. Ол 4 баласын тұрақты табыс көзінсіз асырап отыр екен.

Сот оны кепілақымен уақытша бостандыққа жіберді. Істі  қаңтардың ортасынан бастап сот тағы қарайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз басты рөлді сомдаған клип жарыққа шықты (видео)

Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаларға арнаған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)

Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым (видео)

Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан

Талқылау