Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында 22 жастағы қыздың өлімі: Абақты қызметкерлері ұсталды

Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторындағы 22 жастағы Сания Жұбанышеваның өліміне қатысты іс бойынша абақты қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдіктілердің бірі кезекшінің көмекшісі Мұхтар Шамсудинов, ол немқұрайлылық танытты деген күдікке ілініп, қамауға алынған. Ал күдіктінің адвокаты Талғат Есімов әлдекімдер бар кінәні полицейге жабуға тырысып жатыр деп есептейді.
Адвокаттың айтуынша, Мұхтар Шамсудинов Сания өзін жайсыз сезініп, көп мөлшерде дәрі қабылдаған түні кезекшілікте болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бейнебақылау камералары арқылы ұсталған азаматшаның дәрі ішіп жатқанын байқап, тиісті шара қабылдауы тиіс болған. Алайда қызметкер бұл айыппен келіспейді.
"Мәселенің түп-төркінін қарау қажет. Ең алдымен Сания Жұбанышеваны ұстауға кім жауапты болды, тергеушінің оны қамауға алу туралы өтінішхатын кім қолдады, қамауға алу туралы санкцияны кім берді және қыздың өз уәждерін кім елемеді – осының бәріне назар аудару керек", – дейді заңгер Талғат Есімов.
Адвокаттың айтуынша, бастапқы іс бойынша жәбірленуші деп танылған жас жігіттің Санияға қатысты ешқандай шағымы болмаған. Соған қарамастан, бірнеше күннен кейін қыз ұсталып, кейін сот оны екі айға қамауға алу туралы санкция берген.
ОқыңызЕске салсақ, Сания Жұбанышова 2026 жылдың 15 мамырында Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторында көз жұмған еді. Ресми нұсқа бойынша, қыз жүрекке арналған дәрілерді көп мөлшерде қабылдаған. Алайда Санияның анасы Зухра Сопыбекова бұл нұсқамен келіспейді және бейнебақылау камераларындағы жазбалардың толық нұсқасын көрсетуді талап етуде. Отбасы дәрілердің көп мөлшері камераға қалай кіргенін және қызды неге дер кезінде тоқтатпағанын анықтамақ.
Сания қайтыс болғаннан кейін изолятор қызметкерлерінің әрекетіне қатысты тергеу басталды.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді