Қазақстанда проблемалық банктермен жұмыс істеу ережелері түбегейлі өзгереді

Қазақстанда төлемге қабілетсіз банктермен жұмыс істеу ережелері түбегейлі өзгереді. Жаңа ереже бойынша мұндай банктерге мемлекет тарапынан тікелей қаржылық қолдау көрсету тәжірибесі алып тасталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа ереже туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Дәурен Сәлімбаев мәлімдеді.
"Реттеудің жаңа тетігі — бұл проблемалық банктермен жұмыс істеудің халықаралық деңгейде танылған заманауи моделіне көшу. Ол реттеушіге ерте ден қою құралдарын береді, банктердің капитал қорын өздері қалыптастыруы есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтады және, ең бастысы, жағдайдың кез келген даму сценарийінде азаматтарымыздың салымдарын кепілдікпен қорғауды қамтамасыз етеді", – деді Сәлімбаев.
Жаңа тетік проблемалық қаржы институттарымен жұмыс істеу тәртібін түбегейлі өзгертеді. Бұған дейін банктер бюджет немесе Ұлттық қор қаражаты есебінен құтқарылса, енді бұл бағыттағы жұмыс Қаржылық тұрақтылық кеңесінің халықаралық тәжірибесі мен стандарттарына негізделеді.
ОқыңызЖаңа моделдің негізгі қағидаттары:
- Бірінші қағидат тәуекелдерді ерте анықтау және дағдарыс басталғанға дейін алдын алу шараларын қабылдау;
- Екiншiсi банктің меншiк иелерiнiң жауапкершiлiгiн көздейдi: шығындарды жабу ең алдымен акционерлердiң капиталы мен банктiң өзiнiң борыштық құралдары есебiнен жүзеге асырылады, ал мемлекеттiң қатысуы тек соңғы шара ретiнде ғана болуы мүмкiн.
- Үшінші қағидат салымшылардың құқықтарын сөзсіз қорғау;
Жаңа заңнамаға сәйкес, халықтың депозиттерін, салықтық және әлеуметтік міндеттемелерді банктің шығындарын жабу үшін пайдалануға болмайды. Реттеу кезеңінде де маңызды банктік операциялар, оның ішінде төлемдер, ақша аударымдары және клиенттердің шоттарына қызмет көрсету үздіксіз жұмыс істейді.
“Бұдан басқа, заңнамада банк секторының міндетті ақшалай жарналары есебінен мемлекеттің ықтимал шығыстарын өтеу тетігі көзделеді. Жүйелік маңызы бар банкті жаңа инвесторға сату мемлекет тартқан шығындарды толық өтеуге мүмкіндік бермеген жағдайда, жетпейтін сома банктердің өз міндеттемелерінің өлшеміне пропорционалды түрде есептелетін міндетті жарналары есебінен өтелетін болады. Осылайша, мұндай шараларды қаржыландыру салық төлеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылмайды”, – делінген хабарламада.
Агенттік басшылығы реттеудің жаңа тетігін енгізу Қазақстанның банктерді реттеу жүйесін үздік халықаралық тәжірибелерге жақындатуға, банктік дағдарыстарды шешу кезінде бюджет қаражатын пайдалану ықтималдығын қысқартуға және салымшылар мен банк клиенттерінің мүдделерін сенімді қорғауға кепілдік беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді