КТК терминалындағы дрон шабуылы: Энергетика министрлігі пікір білдірді

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы ауданындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Каспий құбыр консорциумының ақпаратына сәйкес, 30 шілде күні Nissos Sifnos танкері үшінші айлақ арқылы тиеу жұмыстарын аяқтау кезінде тиеу манифольды ауданында ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Дрон шабуылы қаупіне байланысты КҚК тарапынан мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған.
Бұдан бөлек, тиеуге жоспарланған Marathi танкері де КҚК теңіз терминалынан 6-7 теңіз милі қашықтықта ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады.
“Қолда бар ақпаратқа сәйкес, экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ, мұнай төгілмеді. Шабуыл салдарынан туындаған өрт КҚК-ның үш буксирінің көмегімен сөндірілді”, – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.
ОқыңызБұған дейін Каспий құбыр консорциумының (КТК) теңіз терминалы маңында екі мұнай танкеріне шабуыл жасалып, отқа оранған еді. Шабуылға NISSOS SIFNOS танкері ұшыраған. Бұл кемеге мұнай жөнелтуші – "Теңізшевройл" ЖШС (Chevron компаниясы). Танкер ВПУ-3 айлағында мұнай тиеп тұрған.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді