Балқашты көлікпен кешкен жүргізуші қамауға алынды (видео)

Балқаш жағалауында көлік жүргізген Mercedes жүргізушісі қамауға алынды. Демалушылар шомылып жүрген жерде көлікпен жүрген ер адамның видеосы көпшіліктің наразылығын тударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға кезінде жағажайда ересектер мен балалар болған.
Полиция тәртіп бұзушының жеке басын анықтады. Ол Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот ер адамды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.
Еске салайық, бүгін әлеуметтік желіде Балқашта адамдар шомылып жатқан жерде ойқастап жүрген көліктің видеосы тарады. Куәгерлер жүргізушіден тәртіпсіздікті тоқтауын бірнеше рет сұраған. Алайда ол ескертулерге құлақ аспаған.
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды
Қазақстандықтар әуежайда "халал" деп сатылған есек сүтіне шағымданды
Желі қолданушысы: “Есек сүті, ит еті халал болып жатса, жағдай қиын”
Оқыңыз