Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэпер Кисло-Сладкий Алматыдағы оңалту орталығында ем қабылдап жүр

Рэпер Кисло-Сладкий
Фото: Instagram.com/senim_rehab

Көпшілікке Кисло-Сладкий лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Дархан Жұмабек Алматыдағы оңалту орталығында ем қабылдап жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, бастапқыда орталыққа небәрі бес күнге келген. Алайда мұндағы орта ұнап, оңалу бағдарламасын жалғастыру туралы шешім қабылдаған.

“Мұндағы атмосфера маған ұнайды. Жігіттермен тез тіл табысып кеттім. Ең бастысы, сауығуға деген ынта бар”, – деді рэпер.

Қазір ол орталықтағы өзге қатысушылармен бірге еңбек терапиясына қатысып, аумақты абаттандыру жұмыстарына көмектесіп жүр.

Сонымен қатар Кисло-Сладкий шығармашылығын тоқтатпайтынын атап өтті. Орталық басшылығы оған қызметкердің бақылауымен студияға барып тұруға рұқсат берген.

“Музыка жазуды жалғастырамын. Студияға барып тұруыма мүмкіндік берген басшылыққа рақмет. Бұл мен үшін үлкен қолдау”, – деді Дархан Жұмабек.

Рэпер оңалту курсынан кейін сауығу тақырыбына арналған жаңа ән шығаратынын да жеткізді.

Еске салайық, маусымдада Кисло-Сладкий Таиландта жоғалып кетті деген ақпарат тараған еді. Режиссер Парасат Ибраев оның байланысқа шықпай, жоспарланған түсірілімге келмегенін хабарлаған. Кейін өнер иесі Таиландтағы ауруханалардың бірінен табылды.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 30 Шілде, 2026 14:30