Таиландта жоғалып кеткен қазақстандық рэпер Кисло-Сладкий ауруханадан табылды
Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желілерде жоғалып кеткен Кисло-Сладкий лақап атымен танымал рэпер Дархан Жұмабектің табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Парасат Ибраев Instagram парақшасындағы жазбасында отандасымыз үшін алаңдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
“Ең бастысы – Дарханның аман-есен табылғаны. Қазір алып-қашпа әңгімеден гөрі, жақсы сөз айтып, қуанышқа ортақтасатын уақыт. Баршаңызға рахмет”, – деп жазды ол.
SHOT Telegram арнасының мәліметінше, рэпер Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Жақындарының айтуынша, ол ауыр жарақат алмаған.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлап, осыған байланысты миграциялық полицияға жүгінген еді.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?